Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жасыл" түсті мәртебеге ие қазақстандықтарға той жасауға рұқсат беру ұсынылды

"Жасыл" түсті мәртебеге ие қазақстандықтарға той жасауға рұқсат беру ұсынылды

Бизнес "өмір сүру ережелерін" нақты түсінуі керек. Қатаң тыйым салу тәжірибесінен алыстап, Ashyq жобасының қатысушылары үшін жұмыс аптасын көбейту қажет екенін жеткізген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске қатысты бірқатар ұсыныстар енгізді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі "Атамекен" ҰКП сайтына сілтеме жасап.


"Атамекен" ҰКП сайты арқылы кәсіпкерлер үкіметке жіберетін негізгі хабарламалар мыналар: адал кәсіп қоғам мен қонақтардың, сонымен қатар қызметкерлер алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, қолданыстағы шектеулер үшін жауапкершілікті алуға дайын. Бұл ретте жабық тұрғаннан гөрі заңды түрде жұмыс істеу тиімдірек болуы керек", – делінген хабарламада.
Жиналған ұсыныстарды талдау негізінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2021 жылдың 21 тамызынан бастап мыналарды ұсынады:
- Аshyq жобасына қатысушыларға  сенбі күндері сағат 22:00-ге дейін, жоба лидерлеріне (қызыл аймақта) сағат 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат ету;
- Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасы бойынша Қарағанды қаласында "COVID-free" пилотын іске қосу ("жасыл" статусы бар келушілер мен персонал үшін қоғамдық тамақтану орындарына сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беру); 
- "Жасыл" статусы бар қазақстандықтар үшін той өткізуге рұқсат етуді (іс-шараны алдын ала тіркеу бойынша және барлық персонал вакцина салдырған мекемеде 100 адамға дейін) ұсынады.
"Керісінше, түрлі тыйым кәсіпкерлік субъектілерін "көлеңке" жолдарды  іздеуге итермелейді. Бұл инфекцияның жаңа ықтимал ошақтарын тудыруға негіз болады. Ұлттық палата "көлеңке" жолдардың әлі де жойылмағанын атап өтеді. Өкінішке қарай, ішінара локдаун енгізу арқылы пандемиямен күресу оң нәтиже бермей отыр", – деп түйіндеді Ұлттық палата өкілдері.

stan.kz
21 тамыз 2021 ж. 408 0