Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жас кәсіпкер» жобасының бизнес-тренерлеріне арналған оқу басталды

«Жас кәсіпкер» жобасының бизнес-тренерлеріне арналған оқу басталды

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» білім беру жобасына бизнес-тренерлердің алғашқы легін оқытуды бастады,

«Келіп түскен 200-ден астам өтінім ішінен тәжірибе бөлісу, жастарға бизнес жүргізудің қыр-сырын, сондай-ақ заңгерлік және экономикалық сауаттылықты үйретуге дайын 25 үміткер іріктелді. Тренинг бизнес-тренерлер қорын қалыптастырып, олардың біліктілігін арттыруға көмектеседі», - деп хабарлады «Атамекен» ҰКП-да.
Бір апта бойы бизнес-тренерлерге арнап кәсіпкерлік негіздері, тайм-менеджмент, стресс-менеджмент, жобалық менеджмент, шешендік өнер, маркетинг, құқықтық және қаржылық аспектілеріне қатысты бизнес негіздері, бухгалтерлік есептілік бойынша семинарлар өткізіледі. Демек, бизнес-тренер болашақ тыңдаушыға бизнесті жүргізу машықтарын игеріп, кейін жеке кәсіп құру, жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесуі керек.
Жобаның бизнес-тренері болу үшін cvbastau@gmail.com электрондық мекенжайға жеке түйіндемені жіберу жеткілікті.
Естеріңізге салсақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» білім беру жобасын іске қоспақ.
Бизнес-тренердің төмендегідей бірқатар міндеті бар:
- жастарды кәсіпкерлік негіздеріне және бизнесті жүргізуге оқыту және кеңес беру;
- қаржыландыруға қол жеткізу, соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шарттары бойынша қаржылынадыруды алуға көмектесу;
- қаржыландыру алынған соң жүзеге асқан бизнес-жобаларды сүйемелдеу.
https://baq.kz
05 маусым 2019 ж. 1 529 0