Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2022 жылы Қазақстанда мерекеге орай демалыс күндері қалай ауысады

2022 жылы Қазақстанда мерекеге орай демалыс күндері қалай ауысады

Елімізде келесі 2022 жылы кейбір демалыс күндері ауысуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің «2022 жылы кейбір демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысының жобасы Ашық Нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды. Қаулы жобасында 2022 жылы 8-Наурыз (Халықаралық әйелдер күні) және 30-тамыз (Конституция күні) мерекелеріне орай демалыс күндерін ауыстыру қарастырылған.
«Демалыс күндері 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге және 2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылсын», – делінген қаулы жобасында.
Айта кетейік, аталған қаулы алдағы 7 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға түседі. Ресми қабылданған жағдайда 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

kyzylorda-news.kz

23 тамыз 2021 ж. 963 0