Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда карантин режимі жеңілдетіледі

Қазақстанда карантин режимі жеңілдетіледі

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімді мақұлдады:
1. Ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап рұқсат беріледі:
Аshyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандарына демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына - Ashyq қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің "жасыл мәртебесі" (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін рұқсат беріледі. 
сенбі күні - қоғамдық көлік қызметіне.
2. Биылғы 30 тамыздан бастап жұмыс күндері:
Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандарының жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылатын болады.
Айта кетсек, Алматы қаласында карантиндік шектеулер кешірек жүзеге асады. 
Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік іс-шаралардың жеңілдетілуін осы жылдың 4 қыркүйегінен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.
Премьер-министрдің орынбасары ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін орындау үшін мынадай тапсырма берді:
  • медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;
  • санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
  • педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында "ASHYQ" жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
  • білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
  • мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.
ВАК отырысында премьер-министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырмалар берді.
25 тамыз 2021 ж. 382 0