Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Жолдауы – айқынды істер бастауы

Президент Жолдауы – айқынды істер бастауы

Бүгінгі жолдауды мен айқынды істер жолдауы деп санаймын. Себебі президент жолдауындағы атқарылатын ауқымды тапсырмаларды тыңдап, зор қуанышқа бөлендім.
Бұл Жолдауда көптеген маңызды мәселелер айтылып, нақты тапсырмалар берілді. Қуанарлығы, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру, 2025 жылдың соңына дейін 2000 мектеп салынуы тапсырылып, 2024 жылы аудан әкімдерінің сайлауы өтетіні жарияланды.
Сонымен бірге елімізде жаппай екпе салу науқаны жүріп жатқаны да сөз болды. Халықтың әлеуметті жағдайын жақсарту мақсатында азық-түлік бағасын бақылауға жауапты мемлекеттік органдарда тәртіп орнату тапсырылды.
"2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады. Тұтастай алғанда, тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді" –  деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Әрине елімізде халықтың жағдайын жақсарту мақсатында барлық мүмкіндіктер жасалуда. Бүгінгі Жолдау халқымыздың әлеуметтік жағ­дайын жақсартып қана қоймай, жастарға әрқашан жастарға сенім артады. Өмір үздіксіз талап пен талпыныстан, үйрену мен ізденуден, жаңару мен жаңғырудан тұрады. Біздің бойымызда асқақ рух мен жастық жалын бар. Сол себепті үздіксіз іздену, өзімізді жетілдіріп отыру, рухани жаңғыру біздің міндетіміз деп білемін.
Ержан ӘДІЛЖАНҰЛЫ,
"Jas Otan"  жастар қанатының бөлімше басшысы
01 қыркүйек 2021 ж. 760 0