Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кімдердің несиесі кешіріледі?

Қазақстанда кімдердің несиесі кешіріледі?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелерді клиенттердің есебінен шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды LS.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынған электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, егер онлайн-қарызды алаяқ үшінші тұлғаға ресімдегені анықталған жағдайда, берешек есептен шығарылуы тиіс.

ҚР ҚІЖК* 200-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою үшін микроқаржы ұйымы:

- клиенттің осы микрокредит бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдау;
- осындай микрокредит бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұру;
- клиенттің кредиттік тарихына түзетулер енгізу;
- клиент бойынша талап-арыз жұмысын тоқтату;
- үшінші тұлғаларға микрокредитті алаяқтық тәсілмен ресімдеуге тікелей кінәлі адамдарды анықтау мақсатында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жалғастыру.
Сонымен қатар, алаяқтық тәуекелдерін азайту үшін мобильді тексеруді қамтитын екі факторлы аутентификацияны енгізу ұсынылады. Оның шеңберінде микрокредит алуға электрондық тәсілмен сұрау салу кезінде ұялы байланыс операторымен деректер салыстырылатын болады. Оның ішінде ЖСН, құрылғының абоненттік нөмірі, жеке тұлғаға нөмірді тіркеу фактісі. Жеке деректер жария етілмейді, тек "true/false" жауаптарының көмегімен тексеріледі.
Осылайша, қарыз алушының деректерін мобильді верификациялауды пайдалана отырып, онлайн қарыз беру кезінде ЖСН мен абоненттік нөмірді салыстырып тексеру өтініш берушінің жеке басын верификациялауға және растауға мүмкіндік береді, - делінген құжатта.
Жалпы, екі факторлы аутентификация келесі екі тармақтың көмегімен жүзеге асырылады:
- білу факторын растау: клиенттің тіркеу кезінде дербес берілген парольді немесе код сөзін енгізуі;
- иелену факторын растау: клиенттің клиентпен тіркелген токенмен автоматты түрде генерацияланған бір реттік парольді енгізуі немесе клиенттің клиентпен тіркелген смарт-картаны оқу құрылғысына қосылуы немесе клиенттің клиент көрсеткен клиенттің байланыс құрылғысының абоненттік нөміріне автоматты түрде генерацияланған және берілген бір реттік парольді енгізуі, клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірін ұялы байланыс операторының дерекқорындағы абоненттік нөмір иесінің жеке сәйкестендіру нөмірімен салыстыру арқылы осы абоненттік нөмірдің клиентке тиесілігін тексере отырып;
- ажыратылмау факторын растау: нақты уақыт режимінде клиенттің бет-бейнесін оның жеке басын куәландыратын құжаттағы бейнесімен салыстыру, онда клиенттің бет-әлпетінің статикалық кескінін немесе бейнесін нақты уақыт режимінде пайдаланудан қорғау қамтамасыз етіледі.
Бұдан басқа, клиенттің деректерін растау үшін ЭЦҚ және сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық тексеруді пайдалануға болады.
* 200-бап – қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс.
07 қыркүйек 2021 ж. 440 0