Ақтөбе теміржолында төтенше жағдай орын алды

Ресми мәліметке сәйкес, 9 қыркүйекте Ақтөбе жол бөлімшесінің Шоқысу стансасында жүк пойызының 26-шы вагонына тиелген кран жебесінің конструкциясы қозғалып кетіп, көрші жолдағы жолаушылар пойызының локомотиві мен вагондарын сырып өткен.
«Атап айтқанда №77 «Алматы-2 – Маңғыстау» жолаушылар пойызының локомотиві (шанағы, буферлік шамы сырылған) мен 13 вагонға зақым келген. Соның ішінде 2 вагонда терезелер сынған, 2 вагонда тұтқалар жұлынған», – дейді компания мамандары.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар пойызы 17 минуттық кідірістен кейін қайта жолға шықты. Қазіргі кезде тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
kyzylorda-news.kz