Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус жұқтырудың күтпеген себебі аталды

Коронавирус жұқтырудың күтпеген себебі аталды

Көңіл-күй нашар болса, коронавирус инфекциясын жұқтыруың мүмкін, бұл туралы "Радио 1" эфирінде инфекционист Светлана Малиновская ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 
Оның айтуынша, психикалық жағдай иммундық жүйеге қатты әсер етеді. Сондықтан қорқыныш, дүрбелең және күйзеліс аясында ағзаның қорғанысы төмендейді.
Маман аурудың қазіргі деңгейге жетуі көбінесе иммунитеттің төмендеуіне байланысты екеніне сенімді.
Коронавирустың психикаға әсері сонша, кейде пациент өз түйсігіне, мысалы, өзін-өзі қорғау түйсігіне қарсы шығуы мүмкін, тұйықталып, емдеуден бас тартады, дейді сарапшы.
Инфекционист қазіргі уақытта COVID-19-дың адамның танымдық қабілетіне әсері әлі толық зерттелмегенін, бірақ коронавирус науқастың психикасына айтарлықтай әсер етіп, жазылғаннан кейін ұзақ депрессияға әкелетінін айтты.
Бұған дейін кейінгі тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 105 адам қайтыс болғаны хабарланған еді. 
11 қыркүйек 2021 ж. 285 0