Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарыз ақша өндіру туралы даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелді

Қарыз ақша өндіру туралы даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелді

Арал аудандық сотында бір жұмыс күнінің ішінде қарыз ақша өндіру туралы екі талап сотқа дейінгі тәртіппен реттелді.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, оларға дауды татуластыру рәсімдері бойынша шешуді ұсынып, медиативтік келісім жасаудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірген. Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Медиативтік келісімдерге сәйкес, жауапкерлер берешек қарыздарын келісімдерде көзделген мерзімде төлеп құтылуға міндеттенсе, талап қоюшылар қойып отырған талаптарынан бас тартқан.
Сот ұйғарымдарымен медиативтік келісімдер бекітіліп, істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымдары талап қоюшыларға қайтарылған.
Осылайша, тараптар талап арыз соттың іс жүргізуіне қабылданбай тұрып, дауды шешудің тиімді жолын таңдады.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
16 қыркүйек 2021 ж. 461 0