Ауа райы: Еліміздің кейбір өңірлерінде +40 градусқа дейін күн ысиды

Cондай-ақ, екпінді жел соғады, батыста және солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін.
Ауа температурасының негізгі фоны 27-35, оңтүстікте және батыста 40 градусқа дейін болады.
Республиканың батысында және солтүстік-батысында Таймыр аудандарынан салқын және ылғалды ауа келуіне байланысты 9 тамызда ыстықтың төмендеуі басталады, ауаның күндізгі температурасы 20-28 градус жылыға дейін төмендейді.
nur.kz