Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда күн суытады

Қазақстанда күн суытады

«Қазгидромет» РМК 30 қыркүйек пен 2 қазан күндеріне ауа райы болжамын ұсынды.
Кезең басында Қазақстан аумағының көптеген бөлігі циклон ықпалында болады. Республиканың батыс аумағы Мәскеу аудандарынан жылжыған Солтүстік-батыс антициклонының ықпалында тұр. Еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, орталығында және оңтүстік-шығыс аудандарда жаңбыр және қар жауады, одан кейін көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
«1 қазаннан бастап Солтүстік-Батыс антициклонының батыстан шығысқа жылжуымен жауын-шашынның тоқталып, ауа температурасының одан әрі төмендеуі болжанып отыр: солтүстік, шығыс және орталықта 1-6 градус суық, күндіз 2-7 градус жылы болады. Республиканың солтүстік-батысында түнде термометр бағанасы 6 градус аязды көрсетеді, күндіз 3-13 градус жылы болады. Ал оңтүстік аймақта түнде 2 градусқа дейін суық болып, күндіз ауаның температурасы 8-13 градус жылы болады. Еліміздің батысында ғана түнде 3 градус суық – 5 градус жылы болып, күндізгі температура 10-15 градустан 13-18 градусқа дейін көтеріледі», – делінген синоптиктердің хабарламасында.

kyzylorda-news.kz​​​
29 қыркүйек 2021 ж. 437 0