Арал ауданында ірі мөлшердегі есірткі алқабы анықталды

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ мүшелерін азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсеткен Қызылорда қаласының 39 және 42 жастағы тұрғындары, яғни қылмыстық топ басшыларының қылмыстық іс-әрекеттері дәлелденіп, топ басшылары уақытша ұстау абақтысына қамалды.

kyzylorda-news.kz