Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тариф жайы талқыланды

Тариф жайы талқыланды

Осы аптада кәсіпкерлік Кодекстің 124-6-бабының және  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу Қағидаларының талаптарына сәйкес алдағы уақытта реттелетін қызмет бағаларының көтерілетіні туралы «Дәулетэнерго» ЖШС-ның хабарламасын қарауға байланысты жария тыңдау өткізді.Жария тыңдауға жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және тұтынушылар мен көше комитеттері төрағалары қатысты.
Электр энергия тарифтерінің өзгеруінің негізгі себептері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 24 маусымдағы №211 бұйрығына сәйкес 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап энергия өндіруші станциялардағы электр энергиясы құнының 3 пайыздан 5 пайызға дейін, «КЕГОК» АҚ-ның электр энергиясын тасымалдау тарифінің 14 пайызға артуы болып табылады. Мысалға, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-мен өндірілетін электроэнергиясының құны ҚҚС-сыз 1 кВт.сағатқа 12,54 теңгеден 13,15 теңгеге немесе 5 пайызға өзгерді.
Осыған байланысты, 2021 жылдың 3 қыркүйегінде «Дәулетэнерго» ЖШС электр энергиясымен жабдықтау қызметі бағасын алдағы уақытта көтеру туралы ақпаратты ұсынды. «Дәулетэнерго» ЖШС-ның электрмен жабдықтау қызметінің жобалық орташа босату бағасы ҚҚС-мен 1 кВт.сағ 20,31 теңгені құрады немесе 6,1 пайызға өзгеруімен.
Қазіргі кезде Департамент  бағалардың өзгеруін негіздеуге ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізуде. Сонымен бірге тұрғындарға тариф жүктемесін азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.
Өткізіліп отырған жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, соңғы шешім 2021 жылдың 12 қазанында қабылданады.

"Толқын" ақпарат
01 қазан 2021 ж. 344 0