Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дау тараптардың татуласу келісімімен шешілді

Дау тараптардың татуласу келісімімен шешілді

Арал аудандық сотында екі бірдей некені бұзу туралы талаптар сотқа дейінгі тәртіпте реттелді.
Талап қоюшы Б. талабында, жауапкер Б-мен 2015 жылдан бері заңды некеде тұратынын, жиі орын алатын ұрыс-керіс салдарынан араларында түсіністік пен бір-біріне деген сыйластықтың қалмағанын, отбасын сақтап қалудың мүмкін еместігін көрсетіп, араларындағы заңды некені бұзуды сұраған.

Сол секілді, талап қоюшы К. жауапкер Ш-мен мінездерінің жараспауы себепті некелерін бұзуды сұраған.

Дауды бейбіт жолмен шешудің тиімділігі, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы судья Г.Нұрымбетовамен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, ерлі-зайыптылар ымыраға келіп, медиативтік келісім жасауға ниет білдірген.
Сот ұйғарымдарымен медиативтік келісімдері бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Осылайша, талап арыздар соттың іс жүргізуіне қабылданбай тұрып, некені бұзуға бастамашылық жасаған ерлі-зайыптылар медиативтік келісімге қол қойып, некелерін сақтап қалған.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
17 қыркүйек 2021 ж. 136 0