Әйелдің өзіне сенімділігін қалыптастыруға арналған 5 қағида
Әнші әйел адам қандай жағдай болмасын өзін жақсы көруі керек деген пікірде. Ол үшін қарапайым кеңестерді ұстану керек.
“Өзіңнің кемшілігіңді қабылдай біл. Ешкім мінсіз емес. Бірақ әр адам өзімен өзі болуға құқылы. Біз сол үшін де осы өмірге келеміз.
Ешнәрсені шектен шығарма. Бәрін жүрекке жақын алма. Болып жатқан жайт маңызды емес. Оған сенің қалай қарайтының маңызды.
Шыдамлыдық таныт. Денсаулығыңды күт. Жүйкеңді тоздырма. Өз энергияңды сақта.
Өзіңді болашақта емес, қазірден бастап жақсы көр. Өзіңнің арықтағаныңды, жұлдыз болғаныңды, бастық болғаныңды күтіп жүрме. Жоқ нәрсені армандама.
Өзіңді айыптама. Егер дұрыс жасамасаң, одан сабақ ал. Мұны тәжірибе деп сана. Өзіңді жақсы көріп, өзіңді құрметтеуді үйрен”, – деп жазды Қырықбаева.
stan.kz