Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданының тұрғындары заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды

Арал ауданының тұрғындары заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне «Охотзоопром ӨБ» РМҚ Қызылорда өңірлік филиалы мекемесінің қызметкерінен заңсыз аңшылық туралы хабарлама келіп түсті.
Онда Қаратерең ауылына маңында «ОХОТЗООПРОМ ӨБ» РМҚ Қызылорда өңірлік филиалы мекемесінің қызметкерімен Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шара барысында 46 жастағы азаматтың басқаруындағы «Нива» автокөлігін тоқтатқанын көрсеткен.
Тексеру барысында автокөлік ішінен  3 аңшы мылтықтары мен 22 қасқалдақ, 68-дана  үйрек  анықталған.
Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобымен үш күдікті 46 жастағы, 55 және 52 жастағы аудан тұрғындары ұсталды. Барлық айғақты заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Жалағаш аудандық полиция бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337 бабының 3 бөлігіне сәйкес  (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған заңсыз аң аулау)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


kyzylorda-news.kz/
05 қазан 2021 ж. 622 0