Қызылордада заңсыз аңшылықпен айналасқан 3 азамат ұсталды

«Оқиға орнында 3 күдікті азамат ұсталды. Үшеуі де еш жерде жұмыс істемейтін, Арал ауданының тұрғындары. Тексеру барысында 1 аңшы мылтығы ішкі істер органдарында тіркелмегені анықталды. Сараптамалар тағайындалды»,- делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
kyzylorda-news.kz
