Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аты-жөніңізді қалай өзгертуге болады?⠀

Аты-жөніңізді қалай өзгертуге болады?⠀

ҚР әрбір азаматы атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге құқылы. Оған кез-келген себеп болуы мүмкін. Біреулер отбасылық жағдайына байланысты өзгертіп жатса, басқалары – жеке көңіл қалауымен.⠀
Аты-жөніңізді, сонымен қатар азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу қызметін eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеп, уақытты үнемдеуге болады. Сондай-ақ, сіз бұл қызметті АХАЖ бөлімдері мен жергілікті әкімдіктер арқылы да рәсімдей аласыз.⠀
Қажетті құжаттар тізімі:⠀
– белгіленген үлгідегі өтініш;⠀
– жеке басын куәландыратын құжат;⠀
– 2 дана 3*4 өлшеміндегі фотосурет.⠀
Мелекеттік баж көлемі:⠀
– аты-жөнін өзгертуді тіркеу – 2 АЕК ⠀
– аты-жөнін өзгерту актісі жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге куәлігі үшін – 0,5 АЕК. Қажет болған жағдайда АХАТ бөлімінің қызметкерлері қосымша құжаттар талап етуі мүмкін.⠀
Жеңілдігі бар жекелеген санаттағы азаматтар мемлекеттік баж төлемінен босатылады. ⠀
Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.⠀

kyzylorda-news.kz
07 қазан 2021 ж. 523 0