Азаматтық хал актілерін кез келген аймақта тіркеуге болады

«Бұрын құжаттарды рәсімдеп алу үшін өтініш беруші тіркеу орны бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе тіркеуші органға хабарласып, 5-тен 30 күнге дейін жауап күтетін, бұл қызмет алушылар үшін қолайсыздық пен қосымша қағазбастылықты тудыратын. Мәселен, егер азамат бір аймақта тегін өзгерту туралы өтініш білдірсе, мемлекеттік орган өзге аймақтан – оның туған жерінен қосымша мәліметтерді сұрататын. Тиісінше, қызмет көрсету уақыты ұзаратын», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгіл Балташева.
Жалпы, заңға ұсынылған түзетулердің 70 мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыруға мүмкіндік береді. Электрондық форматқа көшу құжаттарды қабылдау уақыты мен олардың санын қысқартады, әкімшілік кедергілерді жояды және қызметтерді алу процесін жеңілдетеді.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі