Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ендігі қазақстандық ата-аналар жаңа туған нәрестені тұрғылықты жері бойынша SMS арқылы тіркей алады

Ендігі қазақстандық ата-аналар жаңа туған нәрестені тұрғылықты жері бойынша SMS арқылы тіркей алады

Ендігі қазақстандықтар жаңа туған нәрестені тұрғылықты жері бойынша SMS арқылы тіркей алады. Ата-анасына перзентін тіркеу туралы хабарлама бірден келеді екен,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бала туылуына байланысты проактив тәсілмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне мекенжай бойынша тіркелу қызметін қосты. 
Бұдан былай жас босанған әйелдерге баланың туу туралы құжатын жасатып, балабақша кезегіне тұру және жәрдемақы алуға ұсыныс білдіретін SMS -хабарламамен бірге жаңа туған нәрестені мекенжай тіркеуіне қоюға мүмкіндік беретін хабарлама қоса жолданады.
«Проактив тәсілі азаматтарға ешқайда шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар енді ғана сәбилі болған ата-анаға ХҚО-ға бармай, баланың бар құжаттарын реттеуге көмектеседі. Телефонға келген SMS -ке жауап беру ғана қажет», – дейді мемлекеттік корпорацияның төрайымы Әсемгүл Балташева.
Ереже бойынша жаңа туған нәрестенің ата-анасының біріне екі апта ішінде мекенжай тіркеуіне тұру жөнінде SMS -ұсыныс жолданады. Сұраққа оң жауап берілген жағдайда, баспана иесі өз мекенжайының тіркеу кодын енгізуі тиіс. Пәтер не үй баланың ата-анасының атында болмаған жағдайда, баспана иесінің ЖСН-і қоса жолданады. 
Бұл ретте проактив тәсілмен жолданатын SMS -терді алу үшін баланың ата-анасының бірі міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек.
11 маусым 2019 ж. 755 0