Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бала тууына байланысты үш мемлекеттік қызметті бірден алуға мүмкіндік беретін проактив қызметі 2017 жылдың 29 желтоқсанында ҚР Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің және egov.kz порталының ақпараттық базаларының интеграциялануы нәтижесінде бастау алды. Проактив қызметі аясында жаңа босанған аналарға құттықтау хабарламасы жолданып, перзентханадан шықпай-ақ, баланың туу туралы куәлігіне тапсырыс, әлеуметтік жәрдемақының тағайындалуына өтініш беріп, балабақша кезегіне тұру ұсынылады.
Осылайша Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында алғашқы болып проактив әдісімен мемлекеттік қызметтер көрсететін елге айналды. Вице-министрдің жазуынша, бүгінде проактивті форматта мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақылардың тағайындалу реті оңтайландырылып жатыр.