Қазақстанда такси жүргізушілері күн сайын медициналық тексеруден өтуге міндеттелмек
Қазақстанда такси жүргізушілері ауысымында екі рет немесе жұмыс күнінде медициналық тексеруден өтуі керек. Мұндай өзгерістер жолаушылар тасымалы мен багажды автокөлік транспортында пайда болды. Бұйрыққа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.
Ал бұл талаптар кімге әсер ететіні жөнінде аталған департамент өкілі, автомобиль көлігі басқармасының бастығы Алмаз Айсин айтып берді.
Департамент өкілі қандай такси қызметтері өз жүргізушілерінің денсаулығын бақылау қажет екенін түсіндірді. Сонымен қатар ол елімізде ірі агрегаторларға айналған Yandex пен Didi қосымшасының жүргізушілеріне бұлар заң жобасының қатысы бар-жоғын ашып айтты.
"Бұл түзетулер жолаушыларды тасымалдайтын бүкіл жүргізушілерге қатысты. Оның ішіне барлық такси қосымшалары енеді. Осы орайда бұл өзгертулер көпшілікке ұсынылған сәттен бастап 60 күннен кейін заңды күшіне енетінін айта кетейік. Яғни 6 желтоқсан күні", - деді Алмаз Айсин.
Айсин бұған қоса бұл ережелердің сақталуын кім қадағалайтынын түсіндірді.
"Бұл ережелердің сақталуын бірінші кезекте тасымалдаушның өзі қадағалауы қажет. Ал аймақтағы бақылауды көліктік бақылаудың аумақтық органдары және аймақтық ішкі істер органдары жүргізетін болады", - деп сөзін түйіндеді Алмаз.
stan.kz