Арал қаласынан «Шах-такси» қызмет көрсету орталығы ашылды
Бүгінде ауданның дамуы жолында жас азаматтар да түрлі салада қызмет жасап, сүбелі үлестерін қосып келеді.Жас кәсіпкер Кемалов Ерланның «Жақсат и К» автобекеті ғимараты ішінен «Шах-Такси» қызмет көрсету орталығы ашылды.Аталмыш шараға қатысқан қала әкімі Бауыржан Махатов орталықтың ашылуымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.
Жас кәсіп иесі осы бастамасы арқылы 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Орталық тәулік бойы 2 ауысыммен жұмыс жасайды.
Тапсырыстар арнайы диспетчерлер және мобильді бағдарлама арқылы қабылданады. Қалаішілік және ауданаралық бағыттарда, сондай-ақ, тапсырыс бойынша кез келген қалаға қатынайды.
Автокөлік жүргізушілері күнделікті медициналық тексеруден, автокөліктер техникалық тексеруден өткізіліп отырады.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға, жағдайы төмен отбасыларға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.









