Арал: "Қайырымды" көліктер қызмет құнын екі есе төмендетті

– Біз такси қызметін жақында ғана бастадық. Дегенмен елдегі жағдайға байланысты тұрғындарға жеңілдік жасағымыз келді. Бұрын 600 теңгеден тасымалдаушы едік, қазір бағаны 300 теңгеге түсірдік. Бұдан айтарлықтай пайда түсіп жатқан жоқ. Алайда көпшілікпен бірге екенімізді осылай білдіргіміз келді. Мұндай жеңілдікті жүргізіп жатқанымызға 1 аптаның көлемі болды, – дейді Сексеуілдегі такси орталығының директоры Мұхаммедрашид Кабетов.
"Vip Taxi" диспечерлік апарттық такси орталығындасыйымдылығы мол 37 көлік тұрғындарға қызмет етеді. Арал қаласы мен Секесеуіл кентінің арасында күніне 150-200-ге жуық адам қатынайды. Бұл қайырымды іс көпшілікке үлгі болса екен дейміз.
М.ЖАСҰЛАН.