ХҚКО-ларда жүргізуші куәлігін беру тоқтатылды

Соған байланысты қазір айыппұлдар мен көлік жүргізу құқығынан айыру туралы мәліметтерді алу мүмкін емес.
Сондықтан ел аумағындағы мамандандырылған ХҚКО-ларда жүргізуші куәлігін беру мемлекеттік қызметі бойынша клиенттерді қабылдау уақытша тоқтатылды.
«Жауапты орган база жұмысын қалпына келтіріп жатыр. Мамандандырылған ХҚО-ларда қабылдаудың қайта жүргізіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.
syrboyi.kz