Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

Елімізде жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдеді, - деп хабарлайды BAQ.KZ .

«Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгенін хабарлайды.
«Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес», - делінген хабарламада.
Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар/жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексере алады.
Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі:
-         Жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында;
-         Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;
-         Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.
Жыл басынан бері 337 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін алды.
19 тамыз 2019 ж. 964 0