Диетологтар арықтауға көмектесетін ең жақсы нан түрін атады

Зерттеуге артық салмақтан зардап шегетін 30-70 жас аралығындағы 242 ер мен әйел қатысты. Олар екі топқа бөлініп, біріне ақ бидайдан жасалған наны бар диета, ал екінші топқа қара бидай наны бар диета тағайындалды. Тәуліктік калория мөлшері барлық қатысушыларда бірдей болды. Қатысушылар сонымен қатар диетологтан тамақтану бойынша нұсқаулық алды.
«Нәтиже бойынша қара бидай өнімдерін жеген қатысушылар орташа есеппен көп килограмға арықтап, ақ бидай өнімдерін жегендермен салыстырғанда, олардың майлары да айтарлықтай жойылды», - дейді зерттеу авторларының бірі Киа Иверсен.
Осыған сүйене отырып, ғалымдар арықтағысы келетіндерге қара нан пайдалануды ұсынады.
massaget.kz