Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Бейсенбіде еліміздің барлық аумағында ауқымды антициклонның әсерінен күн ашық болады. Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында желдің күшеюі, оңтүстігінде және батысында шаңды дауыл, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысының шығысында шаңды дауыл тұруы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
kyzylorda-news.kz