Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Қызылордада эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен тәулікте 13 адамнан коронавирус індеті анықталды.
Биылғы жылы індеттің өршіген уақыты тамыз айында тіркелген. Қазіргі таңда аурудың төмендеу қарқыны байқалады. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
«Бүгінгі күнге дейін облыста коронавирус инфекциясының 18 255 жағдайы тіркелді. Оның 81,4 пайызы осы жылы анықталған. Індет өткен жылмен салыстырғанда 4,4 есеге жоғарылаған. Дегенмен, қазан айында аурудың төмендеу қарқыны байқалады. Оны біз салыстырмалы түрде статистикалық мәліметтерден анықтадық. Нақты айта кететін болсақ, қазан айының он екі күнінде барлығы 353 жағдай тіркелген. Ең жоғарғы көрсеткіш осы жылдың тамыз айында жоғары болды. Қазіргі таңда тұрғындар арасында ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Алайда індет жұқтырушылардың көпшілігі жұмыссыз азаматтар екені белгілі. Дегенмен, облыста екпе алу қарқыны белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Облыста екпе қоры жеткілікті», – деді Әлия Мүтәліпқызы.

kyzylorda-news.kz​​​
14 қазан 2021 ж. 248 0