Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

18 қазан күні ауқымды антициклонның ықпалымен ҚР аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың тек батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, шығысында – тұман, оңтүстік өңірлерде жел болжанады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с күшейеді.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман болады.

kyzylorda-news.kz
18 қазан 2021 ж. 205 0