Қоғамның кінәсі
АҚШ-та ірі сауда дүкенінен нан ұрлап, қашып кетпек болған 14 жасар баланы тұтқындап, жауапкершілікке тартады.Шешім қабылдамас бұрын судья баланың сөздерін тыңдағысы келеді.– Неге ұрладың?
– Керек болды.
– Ұрламай-ақ, сатып алуға болмас па еді?
– Сатып алуға ақшам болмады.
– Ата-анаңнан алмадың ба?
– Үйде тек анам ғана бар, ол да науқас, әрі жұмыссыз. Сондықтан нанмен қоса ірімшік те ұрладым.
– Сен жассың ғой, қалай жұмыс істейсің?
– Мен көлік жуатын орында жұмыс істегенмін. Науқас анамды қамқорлығыма алуыма рұқсат берілгеннен кейін, оларға керегім болмай қалды...
– Өзгелерден көмек сұрап көрдің бе?
– Әр күні кемі елу мекен-жайға кіріп, кез-келген ең аз еңбек ақыға жұмыс сұраймын, нәтиже аз. Ақыры ұрлық жасауға бел будым...
Баламен сұхбаттасып болған соң, сот мынадай шешім шығарды:
"Ұрлық, әсіресе нан ұрлығы – өте ұятты қылмыс. Себебі бұл іске барлығымыз кінәліміз. Залда отырған сіздер және мен де... Осы сотқа қатысушылардың барлығы 10 доллардан төлеуге жаза кесемін, сол орындалғанша бұл залдан ешкім шықпайды.
Аш баланы полицияға тапсырған сауда үйінің иесі де 1000 доллар айыппұл төлесін".
Үкімді естіген бала көз жасын тия алмады, сот екінші үкімді оқығанда бала тіпті, толқып кетті.
Жанарындағы жасты жасыруға тырысқан сот та соңғы үкімін оқыды: Егер адамды нан ұрлығы үстінде ұстап алсаңыз, онда сол адам қоғам мемлекет ұяттан өртену керек...

Аударған Әдемау ТОЛЫСБАЕВА