Талдықорғанда иесі 7 жасар баланы талап өлтірген иттерін атып тастады

«Иттер бұрын адамға шаппайтын. Көшеге шығарғанда балалар олармен ойнап жүрді. Мұндай болады деп ойлаған емеспін. Өзімізде де кішкентай бала бар. Оқиға болған күні отбасымызбен дереу аруханаға жеттік. Жақындарым баланың амандығын тілеп ауруханада болды. Мен кінәм үшін заң алдында жауап берем. Баланың ата-анасынан, барлық адамдардан кешірім сұраймын », – деді Әділжан Оңғарбаев.
Бұған дейін куәгер оқушының екі ит талап өлтірген баланың оқиғасын айтып берген еді.