Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

Қазақстан кәсіпкерлерінде кәсіби мереке пайда болуы мүмкін. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Палата Ұлттық экономика министрлігі Үкімет қаулысының жобасын әзірлеуге кіріскенін хабарлады. Оны бекіткен соң күнтізбеде жаңа мереке пайда болады. Яғни, 9 қыркүйек - Қазақстан кәсіпкерлерінің күні болып бекітілмек.
Ресми кәсіби мерекені құру бастамасын Кәсіпкерлер палатасы көтерді. Тамыз айында идеяларымен Үкіметке жүгінді.
«Мереке табысқа жеткен, адамдарды жұмыспен қамтып, көмек көрсетуге талпынған кәсіп иелеріне алғыс пен құрмет білдіруге арналған», деп атап өтті ҰКП-да.
Ұйым бұл мерекені АҚШ, Үндістан, ҚХР, Ресей, Беларусь, Украина, Әзірбайжан, Қырғызстан, Арменияда атап өтілетінін айтты. Сонымен қатар, екі халықаралық мереке бар: 15 сәуір - Халықаралық кәсіпкерлер күні және 21 тамыз - Дүниежүзілік кәсіпкерлер күні.
20 қазан 2021 ж. 399 0