Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Көрісу күні күнтізбеде қызыл түспен белгіленуі мүмкін

Көрісу күні күнтізбеде қызыл түспен белгіленуі мүмкін

Еліміздің батыс аймағы дүркіретіп тойлайтын Көрісу күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленуі мүмкін, деп жазады sn.kz ақпарат порталы.
Көрісу күніне қатысты мәселе елордамызда ғалымдардың қатысуымен өткен конференцияда көтерілді. Осы орайда, депутаттар 14 наурызды мемлекеттік мереке ретінде қабылдау туралы ұсыныс тастады.
"Көрісу күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеуге депутаттық сұрау берген болатынмын. Өйткені бұл да біздің рухани-мәдени байлығымыз, ұлттық дәстүріміз. Көрісу бұрын бүкіл қазақ халқына тән болған. Бұл сауалыма Үкімет басшысы алдымен барлық облыстардың пікірін білейік деген ұсынысын айтты. Осы мәселеге қатысты Астана қаласында ғалымдардың қатысуымен конференция өтті. Олар мерекені атап өтудің маңыздылығын, оның қажеттілігін бірауыздан мақұлдады.
Көрісу – көшпелі халықтың күнтізбесі. Ай тізбесімен есептегенде 14 наурыз жаңа жылға келіп тұр. Ал 22 наурыз парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Сонымен, Көрісу күнін мемлекеттік мереке ретінде атап өту жөнінде Қазақстанның мәдениет және спорт министрі қол қойған хат Премьер-министрге келіп түсті. Енді оның күнтізбеге қызыл түспен енуін уақыт еншісіне қалдырайық, - сенадеді тор Сәрсенбай Еңсегенов.

12 қаңтар 2020 ж. 854 0