Бахыт Исмаханбетов: «Науқастарды қолдау қызметі» барлық медициналық ұйымда жұмыс істейді

«Көрсетілетін медициналық қызметті бақылау және шешу үшін «Науқастарды қолдау қызметі» бар. Бұл қызмет барлық медициналық ұйымдарда жұмыс істейді. Мақсат – медициналық көмектің ішкі бақылауын жүргізу, медициналық қызмет көрсету кезіндегі бұзушылықтарды анықтау, өтініштер мен шағымдарды дер кезінде қарау. Бұған қоса тұрғындар облыстық денсаулық сақтау басқармасының 40 00 01 байланыс орталығына хабарласуына болады. Сондай-ақ арнайы «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы да өтініш жолдай алады. Азамат «Qoldau 24/7» қосымшасына байланысқаннан кейін әлеуметтік сақтандыру Қорының мамандары медициналық ұйымға хабарласып, ақпаратты анықтайды және медициналық көмек көрсетуден бас тарту себептерін тексереді», – деді Әлеуметтік медицицналық сақтандыру қорының облыс бойынша филал директоры Бахыт Торғайбайұлы.
Айта кетейік, бүгінде тұрғындар өтінішін қанағаттандыру мақсатында Telegram-нан «SaqtandyryBot» бағдарламасы да жұмыс жасайды.
kyzylorda-news.kz