Мәселені ақшамен шешсеңіз ол мәселе емес, ол шығын

* Егер мәселені ақшамен шешсеңіз ол мәселе емес, ол шығын.
* Құдай адамға көп тыңдасын деп екі құлақ, аз сөйлесін деп бір ауыз берді.
* Қонақ пен балықтың үш күннен кейін иісі шыға бастайды.
* Тәтті болсаңыз сізді жеп қояды, ащы болсаңыз түкіріп тастайды.
* Адам тым болмаса әуесқойлық үшін өмір сүру қажет.
* Білім көп орын алмайды.
* Махаббат қандай тәтті болса да, одан кампот қайната алмайсың.
* Алыстан барлық адам жаман емес.
* Ата-аналар балаларын сөйлетіп үйретсе, балалары сөйлемеуге үйретеді.
* Егер әйелдер аз сөйлесе, еркектер көп нәрсе тындырар еді.
* Жақсы сөйлегеннен үндемей қалу қиын.
* Әлем адамның көптігінен емес, жоқтығынан (адам болып қалмауынан) құриды.
* Шаруаның жоқтығы ұлы істерге жетелейді.
* Адамның жасы келген сайын нашар көре бастайды, алайда кең ауқымда көреді.
* Барлық адам ақшаның жоқтығына шағымданады, ал ақылдың аздығы туралы сөз қозғамайды.
* Текенің алдыңғы жағынан, аттың артқы жағынан, ақымақтың жан-жағынан қорқу керек.
* Баласы жоқ адамдар, балаларды жақсы тәрбиелейді.
* Қорыққаннан өлгенше, күлкіден өлген артық.
* Шашыңызға ақ түссе даналықтың емес, қартайғаныңыздың белгісі.
* Тәжірибе деген — адам өзінің жіберген қателіктерін айтатын сөз.
massaget.kz