Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еврейлердің ең үздік мақал-мәтелдері

Еврейлердің ең үздік мақал-мәтелдері

Еврей халқының өте ақылды, дана халық екенін бәріміз де жақсы білеміз. Ендеше сол халықтың тапқыр әрі дәл айтылған ең үздік мақал-мәтелдерін назарларыңызға ұсынамыз. 

Егер мәселені ақшамен шешсеңіз ол мәселе емес, ол шығын.

Жаратушы иеміз адамға көп тыңдасын деп екі құлақ, аз сөйлесін деп бір ауыз берді.  

 Тәтті болсаңыз сізді жеп қояды, ащы болсаңыз түкіріп тастайды.

Текенің алдыңғы жағынан, аттың артқы жағынан, ақымақтың жан-жағынан қорқу керек.  

Қонақ пен балықтың үш күннен кейін иісі шыға бастайды.

 Білім көп жеріңізді алмайды.

Адам тым болмаса әуесқойлық үшін өмір сүру қажет.

 Ата-аналар балаларын сөйлетіп үйретсе, балалары сөйлемеуге үйретеді.  

Алыстан барлық адам жаман емес.

 Егер әйелдер аз сөйлесе, еркектер көп нәрсе тындырар еді.

 Махаббат қандай тәтті болса да, одан кампот қайната алмайсың.

 Ақшаның жоқтығына бәрі жалынады, ал ақылдың жоқтығына ешкім жалынбайды.

 Баласы жоқ адамдар, балаларды жақсы тәрбиелейді.  

О, Құдай! Маған аяқтан тік тұруға көмектесіңізші, ал құлауды мен өзім де білем.  

Қорыққаннан өлгенше, күлкіден өлген артық.

Шашыңызға ақ түссе даналықтың емес, қартайғаныңыздың белгісі.

Тәжірибе деген - адам өзінің жіберген қателіктерін айтатын сөз.  

 Әлем адамның көптігінен емес, жоқтығынан құриды.
syrboyi.kz
19 шілде 2019 ж. 1 441 0