Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең зұлым жұлдызнама белгілері: опасыздық жасайды, жек көреді, кек алады

Ең зұлым жұлдызнама белгілері: опасыздық жасайды, жек көреді, кек алады

Бетінде жаман қасиеттері жазылып тұратын адамдар болады. Олардан алыс жүрген дұрыс және ешқашан сырыңды оларға ашпаған жөн.
Егіздер
Бұл адам әрдайым және әр кезде өз мойнына ауыр жүк алады. Егер сіз ол адамға қажеттіні жасамасаңыз, өзінің тізімінен сізді сызып алып тастайды. Бір жағынан эгоистілік қыры, екінші жағынан сыр сақтай алмау қасиеті де қылаң беріп отырады.
Арыстан
Сыртынан қарасаң, нағыз дос ретінде көрінгенімен, белгілі бір жағдайға душар бола қалсаң, өзін ғана құтқарып, сізде шаруасы болмайтын адам. Оған ұзақ уақыт бойы ренжуге болмайды, бар болғаны сенбеңіз, бұл адам ерте ме, кеш пе, сізді сатып кететіні анық.

Бикеш

Бұл адамдар адал әрі айнымас дос болуы мүмкін, алайда кешірімге жоқ. Дәл осы қасиеті қиындау келеді. Егер сізден бір ағаттық кетсе, бикеш сізді үйіне шақырады деп ойламаңыз. Мұндай бола қалған жағдайда жақсы қарым-қатынастан да дәмеленбеңіз. Осылайша олар өздерін кезекті түңілуден қорғайды.
Сарышаян
Сарышаян өзінің қарқынды мықты тұлғалығына шамасы жетпейтіндерге жымысқы мінезін көрсете алады. Ол жанын сала кездесуге баруы мүмкін, ал егер сіз оның еңбегін бағаламасаңыз, әңгіме басқаша болады. Мұндай адамдар үнемі салқын келеді, адамды қашықтан ұстағанды ұнатады. Иә, олармен ұрыс-керіске араласпаған дұрыс, басың бәлеге қалады.
Тауешкі
Тауешкілер – адал дос, алайда сатқындықты су қаны сүймейді. Олар да бикеш секілді, өзіне жасалған зұлымдық пен қастандықты ешқашан кешіре алмайды. Жылдар өткен соң бәлкім кешірер, алайда ол адам өмір-бақи қара тізімінде қалатыны анық.
reactor.inform.kz
19 қазан 2018 ж. 2 849 0