Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамдардың қалай ренжитінін жұлдызнамасы айтсын

Адамдардың қалай ренжитінін жұлдызнамасы айтсын



Адамның қаншалықты ренжігіш екенін қалай білуге болады? Барлығы оңай! Бар болғаны оның жұлдызнамасын анықтаңыз. 

Біз адамдар өзіміз күткендей жауап қайтармаған кезде ренжиміз. Кейде ренішіміз орынды болғанымен, арасында болмашы дүниелерге де мұңаямыз. Психолог мамандардың айтуынша, әдетте адам өзіне назар аударту үшін ренжиді екен. Бұл – психологиялық қорғанудың бір түрі. 

Тоқты 

Оларды ренжіту оңай. Бір қызығы, кешірім сұрамасаңыз да кешіреді. Жақсы адамның ашуы шай орамал кепкенше демекші, бірден ашуланады. Артынша жылдам су сепкендей басыла қалады. Кек сақтамайды. 

Торпақ 

Оларды ашуландырмаған дұрыс. Әйтпесе сізді бірден «мүйізімен» сүзгілейді. Алдымен біраз уақыт ренжіп жүреді. «Бейкүнә адамды қалай ренжітуге болады» сынды ұзақ монолог оқиды. Оның бұл сөздерін тыңдап отырудан басқа амалыңыз болмайды. Барлығын ұзақ уақыт бойы есте сақтайды. Әрдайым есіңізге салып тұрады. Күндердің бір күнінде жойқын күшті жанартаудай атылады. Сол кезде қашып құтыла алмайсыз. 

Егіздер 

Онымен қалайша ұрысып қалғаныңызды өзіңіз де байқамай қаласыз. Мұны өздері де сезбейді. Олар жанжал шығарып, сізге ауыр сөздер айтады. Артынша ренжігенін ұмытып кетеді. 

Шаян 

Олар барлығын жүрекке жақын қабылдайды. Кек қайтаруды жөн көреді. Тым сезімтал. Сізді кешіреді. Алайда кешірімді шын көңілмен сұрауыңызға тура келеді. 

Арыстан 

Өзін дұрыс бағаламаған кезде ренжиді. Олар көпшіліктің назарында болуды ұнатады. Және ренжігендерін сырттай білдіреді. Сізге кек қайтарып, көпшіліктің алдында масқаралауы да ғажап емес. Олардың қолында билік бар екенін ұмытпаңыз. Мақтап отырыңыз. Сол кезде бәрі орнына келіп, сізді қамқорлығына алуы мүмкін. 

Бикеш 

Сіз бикешті ренжіттіңіз бе? Ренжіткен болсаңыз, өсиетнама жаза беруіңізге болады. Оларды шын мәнінде ренжіту өте қиын. Еш уақытта кек сақтамайды, болмашы дүниелерді көңіліне алмайды. Не үшін ренжігендерін бірден ұмытып қалуы мүмкін. Бірақ, қара тізім жазатындары анық. Ол тізімдегілерге түбінде кек қайтаруы мүмкін. 

Таразы 

Олар тіпті кек қайтарудың не екенін білмейді. Есесіне балаша ренжіп, жанжал шығарғанды ұнатады. Және ұзақ уақыт өзін ренжіткен адамның жүйкесіне тиіседі. Жаман әрекет жасағаныңызды қайта-қайта есіңізге салады. Арада болған кикілжіңді өзгелерге жеткізуге құмар келеді. Ал мұның бәрін алдын алғыңыз келсе, бірден кешірім сұраңыз. Олар біреумен ренжісіп жүруді ұнатпайтындықтан, сізді бірден кешіреді. 

Сарышаян 

Өсиетнама жазып үлгермейсіз. Біріншіден, сізді кешірмейді. Екіншіден, кектенетіндері соншалық, өмірге келгеніңізге өкініп кетесіз. Олар өте сезімтал, көңілшек болғандықтан, болмашы дүниелерге бола ренжиді. Өзін ренжіткен адамға жұдырық ала жүгіруі ғажап емес. Тек ең жақын деген адамдарын ғана кешіреді. 

Мерген 

Олар кекшіл болмағандықтан, көп ренжімейді. Бейбітшілікті жандары сүйгенімен, лаулап жанған от секілді. Оларды ренжіткен болсаңыз, жанжал шығаратынына сенімді болыңыз. Есесіне кешіре білу қабілеттері бар. Бар болғаны өздері күткен мінез-құлық танытыңыз. 

Тауешкі 

Оларды ренжіту қиын. Әдетте жұмыс жасауға кедергі жасағанда немесе ісіне сын айтқанда ренжиді. Алдындағы кез келген кедергіні алып тастауға бейім келеді. Ал егер сын айтамын деп көңілін түсірген болсаңыз, оны тек көмектесу мақсатында айтқаныңызды түсіндіріңіз. Олар сіздің мейірімділігіңізді бағалап, ерте ме, кеш пе кешіреді. 

Суқұйғыш 

Оларды идеясының нашарлығын айтып ренжітуге болады. Ешбір айғай-шу көтерместен тастап кетеді. Артына бұрылып та қарамайды. Сізді ақыл кемістігі бар адам деп ойлап, ұнатпай қалады. Бұл адамдардың идеясы ойға қонымсыз болғанымен, әрдайым өз ісін жылдам ретке келтіріп отырады. 

Балықтар 

Сіз оны расымен де ренжіттіңіз бе? Оның жүзіне бір қараңызшы. Қатты қиналып жатқанын байқайсыз. Олардың мейірімді болатыны соншалық, сізді бірден кешіреді. Мұнымен қатар, уайым-қайғыдан бетке әжім түсетінін жақсы түсінеді. Сізді кешірген соң өздерін періштедей бәйкүнә сезінеді. Айтпақшы балықтар қатты ренжісе, есіңізде мәңгілік қалатындай етіп кек қайтаруы мүмкін.
reactor.inform.kz​​​
20 маусым 2018 ж. 2 817 0