Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 25 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Фронталды аумақтың әсерінен республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жел күшейеді, тұман күтіледі.
Алматы облысының Алакөл аудандарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

kyzylorda-news.kz
25 қазан 2021 ж. 198 0