Қызылордада бірнеше мәрте алаяқтық жасаған екі әйел сотталды

Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 4 млн 850 мың теңгені құрады.
Тергеу барысында күдікті азаматшалардың жасаған алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, олардың іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.
Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде сотталушының біріне 3 жыл мерзімге және екіншісіне 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сот жәбірленушілерге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.
kyzylorda-news.kz