Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нотариаттық қызмет туралы

Нотариаттық қызмет туралы

Қазақстан Республикасындағы нотариат-құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге-де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқытары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.
Заңмен белгіленген жағдайлармен шектерде натариаттық іс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:
мемлекеттік нтариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);
жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдар;
Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;
Осы Заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті өзге де адамдар;
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.
Нотариаттық қызмет-нотариустың және өзге де уәкілетті адамдардың осы Заңмен көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы.
Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті басқа да адамдар нотариаттық іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті реттейтін халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің құпиясын сақтауға кепілдік береді.
Нотариус ретінде қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық іс -әрекеттерінің құпиясын сақтауға міндетті.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариус берген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жүргізілген заңды жеке тұлғаларға, не олардың уәкілетті адамдарына ғана беріледі.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар өздері жүргізіп жатқан істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының жазбаша талап етуі бойыеша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әділет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметін тексеруді жүзеге асыруға уәкілдік берілген нотариат палаталарына бері леді.
Жасалған нотариаттық іс-әрекет туралы мәліметтерді қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап береді.
Меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды нотаріус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей нотариусқа табыс етуге міндетті.
Өсиеттер туралы мәліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен көшірмелері мүдделі адамдарға, егер заңдарға өзгеше белгіленсе, өсиет беруші өлгеннен кейін ғана бері леді.
Жоғарғы заң білімі және әдетте заң мамандығы жөнінен кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, мемлекеттік немесе жеке нотариус сынағынан өткен, Әділет біліктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырып, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия бола алады.
Жекеше және мемлекеттк нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге асырған кездегі асырған кездегі құқықтары, міндеттері  болады. Олар ресімделген құжаттардың бірдей заң күші болады.
Осы баптың 1-тармағында көзделген лицензиясы жоқ адамдардың (осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2) және3) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) натариаттық іс-әрекеттер жасауы не нотариат туралы заңдарының өзге де талаптардын бұзып жасауы және сол іс-әрекеттерден табыс табуы заңдарға сәйкес жауапты болуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының жоғарғы заң білімі бар азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустардың сынақтан өту туралы шарт негізінде сынақтан өтеді.
Нотариустардың сынақтан өтушілердің сынақтан өтудің тәртібі, мерзімі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Нотариустардың сынақтан өтушілері тулалы ережемен белгіленеді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына Әділет біліктілік алқасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген лицензия (нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік береді.
Нотариус лицензиясын алуға қажетті құжаттардың тізбесін Әділет біліктілік алқасы, ал лицензияның берілу мерзімі мен тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.
Нотариус лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін, басты лицензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Нотариус лицензиясын беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі салық заңдарында белгіленеді.
А. МЕҢДІБАЕВА,
Арал ауданаралық әділет басқармасының бас маманы,
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі                                                
29 қазан 2021 ж. 1 735 0