Қыз бала - ұлттың ұяты
![](/uploads/posts/2021-11/medium/1636524863_7310bbe7-2d8f-49dd-b29e-ed8b8dacd429.jpg)
Қазақ халқы қашанда қыз баласын ерекше қадірлеген. Оны болашақ ана, ұрпақ өрбітуші ретінде жоғары бағалап төрден орын ұсынған.Сондай-ақ ұлттың болмысын қалыптастыратын жан болғандықтан қыз тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қараған. Содан да болар халық арасында «қызға қырық үйден тыю» деген мәтел жиі айтылады. Шынымен де қазақ қызының тәрбиесіне отбасы мүшесі ғана емес, бүтін бір ру, ел жауапты болған. Дәуірлер алмасып, заман ағымы өзгерген шақта біздің ұлттық құндылықтарымыз да жаңаша сипат ала бастады. Соның ішінде қыз баласының тәрбиесі де қырын кетіп жатқандығын жасыра алмаймыз.
![](/uploads/posts/2021-11/medium/1636524879_18d9d809-25e1-4911-800a-83e738dd2c28.jpg)