Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда жас отбасылар арасында сайыс өткізілді

Аралда жас отбасылар арасында сайыс өткізілді

Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша, аудандық жастар ресурстық орталығы мен "Жас Арал өрендері" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жас отбасылар арасында "Отбасым – бақыт мекенім" атымен сайыс өткізілді.

Бірнеше кезеңнен тұратын сайысқа жастар белсене қатысты.

Сайыс нәтижесінде қатысушылар түрлі номинациялар бойынша дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.
Арал аудандық жастар ресурстық орталығы
23 қыркүйек 2019 ж. 1 217 0