Біз КЖМ-ды бітіргенбіз...
Архивімдегі бір суретке ұзақ қарадым. Аты-жөні жазылмаған. Бірақ жүзі таныс. Ау-у, бұл кім болды екен? Осыншама сақтағаныма қарағанда қадірлі, жақын-жуық достардың бірі болды-ау, дедім де орнына қоя салдым.Шал-шауқанның шақырыспасы болады. Әңгіме-қауға гуілдейді. Сондайда Ақбасты жақтан келген қария:
– әлгі Елубай айтпақшы «ҚЖМ»-ды тауысып, әрі қарай оқи алмай балық аулауға кіріскенбіз. О кезде бұл жарықтық теңізің шалқып жататын-ды, –деп бір қайырды.
Осы тұста «Оһ» деп қалдым. Архивтегі суреттің Елубай Досалиев екені сонда барып есіме түсті. Оның қызметі колхоздың бас есепшісі. Білімі небәрі жеті жылдық. Десе де алғыр, талант. Бірде ол жоғары оқу орнынан білім алып елге оралған жастардың ортасына түсіп қалады. Біреуі КАЗпи-ді, екіншісі КазГУ-ды, үшіншісі САГУ-ды тауысқандарын айтып жатады да, төрге жайғасқан бас есепші Елекеңнен:
– Аға, сіз қандай оқуды бітіргенсіз? – деп сұрайды.
– Шырағым, біз ҚЖМ-ды бітіргелі қашан, – деп ыстық шәйін ішіп отыра береді.
Сұрақ қойғандар, олай ойланады, былай ойланады, әлгі ҚЖМ-ның нендей оқу орны екенін таба алмайды да:
– Елубай аға, өзіңіз айтыңызшы, ол қайсы қаладағы университет, –деп тағы қолқалайды.
– Ой-й, балдар-ай, ол Құланды жеті жылдық мектебі ғой, – депті жайбарақат күліп.
* * *
Сол Елубай Досалиевпен өткен ХХ ғасырдың елуінші жылдарында осы күні Қаратерең аталатын үлкен мекенде кездестім. Ол тұстары ол «Шевченко» атындағы миллионер колхоз болатын-ды. Колхоздың басқарма төрағасы Мақсұтқали Демесінов, ауыл ағасы Шамұрат Қаленов екен. Бас есепшісі Елекең.
Тамыз айының орта шенінде сондағы мектептің директорлығына бұйрық алғанмын. Мектепке жөндеу жүрмеген. Бұрынғы басшысы басқа қызметке ауысқан. Оқу жылы басталар уақыт таяу. Мектептің жөндеу қаржысы колхоздың есебіне түскен. Басқармаға барамын. Адам жоқ. Балықшылар балықты кемемен көшіп аулауда. Көбісі Қарақалпақпен шекарада жүр. Теңізде сең жүргенде барып оралады. Жұмыс істеуге келісіп отырған екінші отбасыдағы әйелдер, бойжеткен қыздар мен бозбалалар бар. Бірақ колхоз ақшалай төлемейді, еңбек күні жазады. Оған жұрт құлықсыз.
Демалыс күні еді. Елубай кеңседен шығып, темекісін бұрқыратып тұр.
– Жай жүрсің бе? – деді маған қолын ұсынып, – бізде демалыс деген болмайды. Уақытпен санаспай еңбектене береміз. Сіздер ғой, сағатпен жүретін, – деп әңгімеге тартты. Таныстық, білістік. Құрдас болып шықтық. Шаруаның жайын айттым.
– Оо,–деді дауысын созып, – біз-ақ оның шәпкесін қайырып тастаймыз ғой!
– Қалайша?!
– Екі қызыл және екі ысталған тыран ал да, мені жарты сағаттан кейін теңіз жағасында күт! – деді.
Ол кеңсеге кіріп кетті. Есік алдында мен тұрмын ойланып. Елекеңнің білікті қаржыгер екенің есіткенмін. Жылдық есепті орталық бухгалтерияға «лақтырып тастап», егер бір қате шықса, бұл қызметте болмаймын дегенін әріптестері жыр ғып айтатын-ды.
Жаныма шаруашылық жөніндегі орынбасарым (завхоз) Орынбай Дүйсенов аға келді. Ол жөндеуді Асар әдісімен жүргізбек болып, ағайын-туыс, біліс-танысты іздестіріп жүрген-ді. Елубайдың сөзін сол қалпында жеткізіп едім:
– Ә-ә, деді аға, – ол жігітке сене бер, айтса орындайды. Сіз теңіз жағасына бара бер, мен әлгі заттарын апарайын.
Теңіз қол созым жерде. Көгілдір айдың құлпырып, саф ауасы бетті желпйді. Тынысың кеңейіп, көңілің көтеріледі. Балық ыстау цехының бастығы Бақытжан Үмбетов Орынбай ағаға ере келді. Біздің теңіз жағаға баратынымыздан хабардар болғасын:
«Не қызық екен, мен де қосылайын және дастарқан мәзірін менен күт»,– депті. Сонымен дастарқан басына жиналдық. Елубай не айтады? Соны күтудемін.
Ореке, – деді ол Орынбай завхозға қарап, – жұмысшы қолы табылады ғой, ә?
– Қолма-қол ақша берсең, біз-ақ істейміз, –деп демалыстағы техникалық қызметкерлердің өздері-ақ құлшынып отыр.
– Құрылыс материалдары бар ма?
– Құм да, саз да жерімізден табылады, әк пен цемент сауда орнында үйіліп жатыр.
– Онда іске кірісе бер, біздің счетқа түскен ақша көлемі мынау, осы мөлшерден асып түспей жұмысшылардың аты-жөнін ведомосқа толтыр да маған әкел. Сол ведомост бойынша ақша төленеді. Жөндеу біткесін акт жаса, оған мектеп директоры, ауылдық кеңестің бір депутаты және колхоздың өкілі қол қойсын. Өкілдікке басқарманың орынбасары Есімов Жақсатты жаз.
Бас есепші ұсынған бір жапырақ қағазды алып завхоз кетіп қалды. Бұл жайында одан кейін сөз қозғалмады. Теңіз жақтан оралып, мектепке соқсам алапат жұмыс басталып кетіпті. «Қәртіма» көлі іргемізде. Бала-шаға шелекпен су тасып жүр. Техник қызметкеріміз төртеу-ақ еді. Жұмысқа үй-ішімен жабылған. Қамбада балшық иленіп, арқа-жарқа. Құм мен саз тасылуда. Еш техника жоқ, бәрі қолмен атқарылатын кез ғой. Колхозда бір жүк машинасы бар. Ол Сырдариядан бері өтпейді. Дарияның арғы бетіндегі Қызылжар қыстағында тұрады. Өйткені, өткел, паром жоқ.
* * *
Бәрі ойдағыдай болды. Көңіл бірленді. Оқу жылы басталды. У-шу. Сыныптарға күлкі кірді. Бала күлкісі. Болашақтың күлкісі. Қандай ғанибет! Мектеп жеті жылдық. Он жылдықты ашуға оқитындардың саны жетіп артылады. Бірақ үй жоқ. Қазіргі бары бес-ақ бөлме. Екі мезгіл оқиды.
Кешкі мектеп ашуға талаптандық. Жеті жылдықты тәмамдап, балық аулауда және оны өңдеуде жүргендердің саны 80-нен асты. Ал жан-жаққа тарап, оқып жатқандар ше? Олар да баршылық.
Жоғарғы жаққа хат жолданды. Ай өткесін қалаға барып, ұстаздардың айлығын алып, қысқы отынның қаржысын колхоздың есебіне түсіріп қайттым. Банкіден айлық алудың өзі бір қиямет. Шөмішкөл мектебінде болдым. Онда жаяулап дариядан өтіп, Құмбазар арқылы Бекбауыл стансасынан пойызға отырасың. Шижаға мектебінде болдым. Қала мен екі ара жиырма шақырымдай. Бұл жақтан да қалаға қиналмай жетесің. Ал Қаратерең қалаға екі жүз шақырымдай шалғайда. Жаздың өзінде кемеге жолаушы алмайды. Қыс айында ше? Балық тасымалдауға келетін көлікті аңдисың. Қапшық толы айлық ақшаңды жол-жөнекей ұрлатып алсаң ше? Ондай оқиға болған.
Қыс таяды. Қазан айы келді. Күн салқындады. Мектепте бір түйір отын жоқ. Отының қамыс. Оны көкше мұзда жалпақ күрекпен жайпайды. Колхоз әр отбасына «отын салығын» салады да, содан кеңселеріне де, мектепке де түсіреді екен. Ол қашан болады?! «Кәртіма» көлінің мұзы қатқасын дейді. Басқаша амал жоқ па? «бар дейді» завхоз. Ол даланың жыңғылын және басқа да шөп-шалаңын шауып тасу дейді.
– Ол үшін не керек?
– Қолма-қол ақша!
Аяңдап Елубай мырзаға бардым. Есеп шотты сарт-сұрт етіп қағып отыр. Қазір, қазір. Қалаға жүретін едім. Ара-арасында маған қарап: отын жайы ма? Е-е білем-білем. Балдар тоқбау керек. Ақшаң біздің счетқа түсті. Завхоз келіп тілхатпен сол ақшаны толайым алсын. Келістік пе? Кассирге тәртіп берем. Актісі мен ведомосын кейін тапсырар. Бала-шағаның дірдектегенін көргім келмейді. Кім үшін жүрміз өзі?!
Болды. Кім арқалап, кім ешекке тиеп отынды түсіріп жатты. От жағылды. Жылу келді. Келесі оқу жылында есепшілікке финанс бөлімінен «әке-көке» деп жарты штат алдық. Оған Мұрат Жиенбаев тағайындалды. Елубай да қуанып:
– Есепшің менің жанымда отырсын, әрі үйренсін, әрі айлық алуға бізбен бірге машинамен барсын. Қауіпсіз ғой, – деді.
Сол Мұрат Жиенбаев кейін балық зауытында, облыс көлеміндегі ірі Кеңшарларда бас есепші болып абыройлы қызмет етті.
Жаны жәннатта болғай, Елубай Досалиев осындай азамат еді-ай!
Захир ЖҰППАМБЕТ,
Арал қаласы.
Суретте: Е.Досалиев