«Ақберен» жүлдегері

Осындай шәкіртті баптаған ұстазы Перуза Жарылқапованың еңбегін айтпай кетуге тағы болмайды. Перуза апай оқу мен тәрбие үдерісінде шәкірттерінің пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, олардың жеке тұлға ретінде дамуына үлесін қосуда. Перузаның бір ғана оқу жылындағы жетістігінің өзі жетерлік. Былтырғы оқу жылында бітірген түлектерінінің 14 оқушысы грант иегері атанып, 2 оқушысы «Алтын белгіге» бітірді. Ұлттық бірыңғай тестілеуден оқу сауаттылығы бойынша шекті ұпайды 6 оқушы жинап, сынып 100 пайыз көрсеткішті көрсетті. Оқушылары облыстық, республикалық деңгейлерде түрлі сайыстардың жүлдегері атанып жүр.
Ұстаз еңбегінің арқасында әкім де, қара да, ғалым да, ақын да, бәрі-бәрі өз биіктеріне көтеріле алады деген сөздер бекер айтылмаса керек. Осындай ұстаздың арқасында мектеп мақтанышына айналған Мадинаны тәрбиелеген ата-анасына да алғысымыз шексіз.
Шәкірт бойындағы табиғи дарын ұшқындарын сөндіріп алмай, шығармашылық еңбек үстінде оған қанат бітіру – ұстаз қызметінің нәтижесі.
Тәуелсіз қазақ еліміздің өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпақтарымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ең бірінші мұғалім мерейі.
Розагүл Шарапатова,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі