«Pfizer» вакцинасын егу басталды
Арал ауданында 12-18 жас аралығындағы балалар және жүкті әйелдермен бала емізуші әйелдерге арналған «Pfizer» вакцинасын егу басталды. Бұл туралы Арал аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Лаура Әділбаева мәлімдеді.– Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұсынған «Pfizer» вакцинасының ерекшелігі – оның құрамында вирус болмайды. Бүгінде аудандағы барлық емханаларда дайындық жұмыстары пысықталған. Өткен аптада «Pfizer»-дің ауданға 90 дозасы жеткізілді. Ата-аналардың келісімімен 12-18 жастағы 2 студент жасөспірім салдырды. Сондай-ақ 16-37 апта аралығындағы 32 жүкті әйелдер мен босанғанына 42 күн болған 56 бала емізуші әйелдерге салынады. Қазіргі күні олардың денсаулығы бірқалыпты. Учаскелік дәрігерлердің жіті бақылауында, – деді Л.Жанысқызы.
Жалпы, Қызылорда облысы «жасыл» аймақта. Өткен аптада «Pfizer»-дің облысқа 23400 дозасы жеткізілген. Осы күнге дейін өңірде 1590 тұрғын «Pfizer» вакцинасын салдырды. Оның ішінде жасөспірімдер – 1156, жүкті әйелдер – 233 және емізулі баласы бар аналар 201. Ендігі ахуалды ушықтырмай ұстау біздің әрбірімізге байланысты. Сол себепті вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға асығайық.
«Толқын» ақпарат










