Қызылордада «Pfizer» вакцинасын егу басталды
![](/uploads/posts/2021-11/medium/1636975405_4.jpg)
Алғашқы болып медициналық колледждің студенттері екпе алуды бастады. 70 студентке ата-аналарының келісімімен вакцина салынуда.
«Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұсынған «Pfizer» вакцинасының ерекшелігі – оның құрамында вирус болмайды. Бүгінде барлық емханаларда дайындық жұмыстары пысықталған. Арнайы орталық қоймаға 2 тоңазытқыш әкелінді. Өткен аптада «Pfizer»-дің 23400 дозасы жеткізілді. Ол ата-аналардың келісімімен 12-18 жастағы жасөспірімдерге, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен босанғанына 42 күн болған емізуші әйелдерге салынады», – деді Жангелді Мырзагелдіұлы.Жалпы, Қызылорда облысы «жасыл» аймақта. Өткен тәулікте 18 жағдай тіркелді. Емделіп шыққаны 96 пайызды құрайды. Облыс бойынша инфекциялық стационарда – 163 науқас, реанимациялық төсек-орында 21 науқас ем қабылдауда. Вакцинациялау жұмыстары басталғалы бері облыста вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны – 385 601, халықтың қамтылуы 85,2 пайызды құрады. Екінші компонентпен – 320 783 адам салдырған.