Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата-ананың келісімі керек

Ата-ананың келісімі керек

Қостанай облысында жыл басынан бері 443 сәби коронавируспен ауырып шыққан. Қазір өңірде 8 бүлдіршін инфекциялық стационарда жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанованың айтуынша, бүгінде Қостанайдағы инфекциялық орталықта 50 шақты жүкті әйел емделуде. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Таяуда ғана бас санитарлық дә­рігер Ерлан Қиясов қол қойған қаулыға сәйкес, елімізде 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті және бала емізіп отырған әйелдерді Pfizer препаратымен вакциналау жө­ніндегі әдістемелік ұсынымдар бе­кітілгені бел­гілі. Осыған орай, қа­раша айы­ның басында 4 млн Pfizer дозасы жеткізілмек. Шетелдік вак­ци­наның Тобыл өңіріне нақты қа­шан жеткізілетіні әзірге белгісіз. Ден­саулық сақтау басқармасының өкіл­­дері вакцинаның қазан айының со­ңына дейін келетінін және 80 мың адамға екпе салынатынын айтып отыр.

– Денсаулық сақтау министрлігі балаларды вакциналау туралы ше­шім қабылдап отыр. Өйткені ке­йін­гі кезде коронавирус жұқтырып жатқан балғындар көбейіп барады. Балалардан көбіне індет симптомы байқалмайды. Бұл, әсіресе, қарт кі­сілер мен жүкті әйелдер үшін үлкен қауіп. Алдымен 16 жастан жоғары жасөспірімдер вакцина қабылдайды деп жоспарлап отырмыз. Одан кейінгі кезек төменгі жастағы балалардікі. Бала вакцина қабылдамас бұрын, ата-ана баласына өз ықтиярымен екпе салдыратыны туралы келісімге қол қоюы керек. Бұл жүкті әйелдерге де қатысты. Аяғы ауыр әйелдер жүктілік мерзімінің екінші және үшінші ай­лығында ғана екпе қабылдайды. Алғашқы үш айлықта вакцина қа­былдауға болмайды. Егер әйел жүкті екенін білмей вакцина алса, то­лық курсты екінші және үшінші три­местрде ғана аяқтауға болады. Бұл үшін алдын ала ешбір талдау нәтижелерін тапсырудың қажеті жоқ, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова.

Оның айтуынша, шетелдік вакцина Үкімет қорының есебінен сатылып алынған. Сондықтан оны аяғы ауыр әйелдер мен бала емізіп отырған аналар ғана тегін қабылдай алады.

egemen.kz
29 қазан 2021 ж. 368 0