Қызылорда: Балаларға арналған вакцинаға дайындық жұмыстары басталды

«Қазіргі таңда облыс тұрғындарының арасында ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Дегенмен өткен тәулікте 22 жағдай анықталды. Өңірде екпе қоры жеткілікті. Қараша айының ортасынан кейін «Pfizer» вакцинасын салдыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол екпе жүкті әйелдер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған. Алайда бұл вакцина оқушыларға ата-анасының немесе заңды өкілінің рұқсатымен ғана салынады. Көпшіліктің «Pfizer» вакцинасы туралы сұрағы көп. Қазіргі таңда белсенді түрде ақпараттық насихаттық жұмыстар жүруде», – деді Жангелді Мырзагелдіұлы.
kyzylorda-news.kz